"АбЗиком" ЖШС 2007 жылы құрылды. Сол кезеңде серіктестіктің негізгі қызметі - телекоммуникация саласындағы инженерлік жүйелер құрылысы болды.
Даму кезеңінде мақсаты сапалы қызмет көрсету, құрылыс - монтаж жұмыстарын уақытылы және мерзімінде аяқтау, икемді баға саясаты болған. Ақтөбе облысының және оның шегінен тысқары аймақтардың көптеген компаниялары тани бастады, соңынан олар объектілер құрылысы және әрекеттегі объектілерді күрделі жөндеуден өткізу саласында компанияның серіктесі болды.
Соңғы жылдары компания жетіле келе қызметтің жаңа түрлерін игере бастады және әлеуметтік объектілердің құрылысы мен күрделі жөндеу, объектілерді газдандыру, ВЛ электр желілер құрылысы жобаларына ойдағыдый қатыса бастады.
Даму жылдары заманға қарай өндіріс учаскелері үшін көліктер паркін қазіргі заман құрал -жабдықтарымен, арнайы техникамен жабдықтауға компания көп көңіл бөлді.
2014 жылы Астана қаласы ұлттық бизнес рейтингінің " Сала кошбасшысы " марапатына ие болды және "құрылысқа сіңген көп еңбегі үшін" номинациясы бойынша Женева қаласында (Швейцария) "Сапа белгісі" еуропалық марапаты берілді.
Сонымен қатар 2014 жылы, "АбЗиком" ЖШС меншігіне өндірістік база сатып алды және осы жылы байланыс және азаматтық құрылыста кеңінен пайдаланылатын темір - бетон өнімдері мен металл құрылымдарын жасау цехын іске қосты. Телекоммуникация желілер құрылысы саласында пайдаланатын желілік байланыс өнімдері, ККС-1, ККС-2, ККС-3, ККС-4 тұрпатты телефон құдықтары, ПТ-30 тіректері, 1.2 м өлшеу бағаналары, 2,4 м ақпараттық бағаналар және ағаш тіреулері үшін металл кәбілді алаңшалар істеп шығарылады. Азаматтық құрылыс үшін компания құрылыста кең пайдаланылатын КС-10-9, КС-15-9 құдықтарын, ПП-10, ПП-15 төменгі тақталар шығарады. Кірпіштен тұрғызылатын ғимараттардың сейсмикалық тұрақты болуы үшін кез келген өлшемде металл торларын ұсынамыз. ВЛ электр желісін құру үшін ТМ-1, ТМ-3, ТМ-6 металл траверстері шығарылады. Барлық шығарылатын өнімдер сапалы, сертификатталған және қоймадағы босалқы қоры бар.
Әрине, аталған жетістіктер ұжымның қор еңбегінің арқасы, компания басшылығының болатындығы мен көрегендігінң нәтижесі. "АбЗиком" ЖШС-ке еліміздің қазіргі нарық жағдайында құрылыс- монтаж жұмысын жақсы түсінетін, оқыту орталығында аттестациядан өткен, сертификаттары бар кәсіби мамандар іріктеп алынған.
Қазіргі уақытта "АбЗиком" ЖШС алға қойылған міндеттерін орындауға қажетті құрал жабдықтармен, ресурстармен жеткілікті жабдықталған.
Инженерлік коммуникациялар, әлеуметтік, объектілер құрылысы, ВЛ электр желісін монтаждау, объектілерді газдандыру және ТОБЖ (талшықты оптикалық байланыс желісін)төсеу "АбЗиком" ЖШС негізгі қызметі болып табылатын компания құрылыс - монтаж жұмыстары нарығында 2007 жылдан жасап келеді.
Сонымен қатар 2014 жылы компанияның өндіріс базасында іске байланыс және азаматтық құрылысына арналған темір-бетон өнімдерін жасайтын цех қосылды.