Тілеу батыр Айтұлына ескерткіш ашылды
(Ақтөбе қ., 2015 жылғы 1 қазан)
Ақтөбеде Қазақ хандығының 550 жылдығын мереке¬леу аясында Тілеу батыр Айтұлының ескерткіші ашылды. Тілеу Айтұлы Ақтөбе облысының Шалқар ауданында туған. 1684 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам қаласы өңірінде ерлікпен қаза тапқан және Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген.
Қазақ батырының бейнесін Шымкент қаласында тұра¬тын белгілі мүсінші Әбдікәрім Ахметов қоладан сомдаған, сонымен қатар ескерткіштің құрылыс жұмыстарының едәуір бөлігін «АбЗиком» компаниясы атқарып шықты. Биіктігі он метр болатын ескерткіш Әбілқайыр хан даңғылы мен Тілеу батыр көшесінің қиылысындағы алаңға орнатылды, оның тұғыры гранит тастан қаланған.
Ескерткіштің салтанатты ашылуына Ақтөбе облысының басшылығы, Республика Парламентінің депутаттары, сондай-ақ еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым мен мәдениет саласының өкілдері қатысты.
Ескерткіштің ашылуына жиналған халықтың арасында атақты батырдың ұрпақтары да болды. Тілеу батырдың өзі Шалқар ауданынан болғандықтан, оның көптеген ұрпақтары осы Шалқардан келді.
Открытие памятника Тлеу батыру Айтулы
(г.Актобе, 1 октября 2015 года)
В Актобе в рамках празднования 550-летия Казахского ханства состоялось торжественное открытие памятника Тлеу батыру Айтулы. Тлеу Айтулы родился на территории нынешнего Шалкарского района Актюбинской области. Храбрый полководец героически погиб в 1684 году в битве с джунгарами у города Сайрам нынешней Южно-Казахстанксой области и похоронен в Туркестане под стенами мавзолея Ходжи Ахмеда Яссауи.
Образ казахстанского батыра воплотил в бронзе скульптор из Шымкента Абдикарим Ахметов, в свою очередь значительная часть работы при возведении памятника было проделано компанией АбЗиком». Памятник высотой в 10 метров установлен на постаменте из красного гранита на перекрестке улиц имени Абилкайыр хана и Тлеу батыра.
В торжественной церемонии открытия памятника приняли участие руководители Актюбинской области, депутаты Парламента Республики, а также государственные и общественные деятели страны, представители научной и культурной сферы.
Среди зрителей, собравшихся посмотреть на открытие памятника, были и потомки прославленного героя. Так как Тлеу батыр - уроженец Шалкарского района, то и большинство его потомков приехали из Шалкара.